"Жыр жазамын жүрегіммен": Шымкентте талантты жастардың қатысуымен әдеби кеш өтті

0
396

Кеш барысында Марфуға Айтхожинаның шығармашылығы жастар арасында насихатталды.


Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Марфуға Айтхожинаның 85 жылдығына орай «Жыр жазамын жүрегіммен» атты әдеби кеш өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Талапты, талантты жастардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру арқылы көркем әдебиетті, Марфуға Айтхожинаның шығармашылығы жастар арасында насихатталды.
Аталған кешке №135 жалпы орта білім беретін мектебінің өлкетану үйірмесінің жетекшісі Н.Тойчиева және оқушылары, тарих пәні мұғалімі Н.Қуанышбай, Бауыржан Мөлдір Бауыржанқызы және оқушылары, №24 IT мектеп-лицейінің кітапханашысы Б.Куйшибаева және оқушылары қатысты.
Мектеп оқушылары ақынның «Туған елім», «Елімнің ерке ұл-қызы, «Жамбыл ата жерінде», «Абай күні», «Алтын адам» өлеңдерін оқыды.