15 жастағы жасөспірім бір соққымен кәсіпқой футболшының бас сүйегін сындырып жіберген

0
787

Ол оқиға орнынан қашып кеткен.


15 жастағы жасөспірім бір соққымен кәсіпқой футболшының бас сүйегін сындырып жіберген

ERNUR.KZ. Аустралиялық футболшы Дэнни Ходжсон Перт қаласының теміржол вокзалында соққыға жығылды. Спортшы командамен кездесуден қайтып бара жатқан, жолда оны 15 жастағы жасөспірім басынан жұдырықпен ұрған. Ол оқиға орнынан қашып кетті, алайда, көп ұзамай ұсталды. Оның мұндай қылмысқа баруының себебі әлі белгісіз, деп жазады vesti.kz.

Ходжсон қаладағы басты госпитальдік ауруханада жатыр, оған бас сүйегі сынған деген диагноз қойылды. Дэннидің миына қан кетіп, жағдайы нашарлай түскен. Осы себепті дәрігерлер оны бірнеше ай жатуға болатын кома жағдайына арнайы түсіруге мәжбүр болды.

Ходжсонның АҚШ-тағы ата-анасы Аустралия ковидке байланысты жабық боп тұрғандықтан баласына бара алмай отыр. Оның Анасы Никола әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрады. Қазіргі таңда көмек ретінде 70 мың доллар жиналған.

Қазіргі таңда футболшының ата-анасы Аустралияға кіруге рұқсат алыпты.

Аустралиялық әріптесіне АПЛ ойыншылары - "Эвертонның" өткен маусымда ең мықты ойыншысы болған Доминик Калверт-Льюин және "Манчестер Юнайтед" қақпашысы Дин Хендерсон да сегіз мың доллар аударған екен.

Ходжсон - "ЭКУ Джоондалуп" клубының үздік бомбардирі, былтыр "Алтын бутсаны" ұтып алған. 18 жасқа дейін ол Англияда ойнады, ал көшіп кеткеніне жеті жыл болыпты.