Абрамович "Челсиді" ресми түрде сатты

0
799

Клуб команданы сату туралы келісім мамыр айының соңында аяқталады деп жоспарлап отыр.


Абрамович

ERNUR.KZ. "Челси" футбол клубы Clearlake Capital, Марк Уолтер және Хансьорг Висс кіретін Тодд Боэлидің консорциумына команданы сату шарттары келісім жасалғанын растады, деп жазады sputnik.kz.

Клуб жалпы соманың 2,5 миллиард фунт стерлингі акцияларды сатып алуға жұмсалатынын хабарлады. Сондай-ақ, Роман Абрамович қалағандай қайырымдылық мақсатына жұмасалады.
Қайырымдылық қорларына ақша аудару үшін Ұлыбритания үкіметінің рұқсаты қажет.
Сонымен қатар, клубтың жаңа иелері командаға 1,75 миллиард фунт стерлинг салуы керек. Бұл сомаға "Стэмфорд Бридж", клуб Академиясына, әйелдер командасына және олардың Кингсмидоу стадионына, сондай-ақ Челси футбол клубының қорына инвестиция бағытталады.
Клуб команданы сату туралы келісім мамыр айының соңында аяқталады деп жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта мерзім реттеуші органдарға байланысты.