Айдос Ербосынұлының комадан кейінгі жағдайы белгілі болды

0
527

31 жастағы қазақстандық былтыр кубалық Давид Моррелмен жекпе-жекке шыққан болатын.


Айдос Ербосынұлының комадан кейінгі жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. WorldBoxingNews.net ресурсы қазақстандық Айдос Ербосынұлының жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

31 жастағы қазақстандық былтыр кубалық Давид Моррелмен жекпе-жекке шыққан болатын.

"Ербосынұлы жекпе-жектен кейін 12 күндей медикаментоздық комада жатты: дәрігерлер оның миына қан кетіп қалмауы үшін қолынан келгеннің бәрін жасады", - деп жазды басылым.

Артынша Айдос Ербосынұлына операция жасалған. Абырой болғанда, Ербосыұлы үш күннен кейін 17 қарашада оянған. Қазақстандық боксшы өз-өзіне келіп, артынша аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Бірнеше аптадан кейін Айдос үйіне оралған.

"Соңғы жекпе-жегімде елімнің үмітін ақтай алмадым. Алғаш рет кәсіби рингте жеңілістің ащы дәмін сездім. Бірақ өмір болғаннан кейін жеңіс те, жеңіліс те қатар жүретіні сөзсіз", - деген екен боксшы басылымға.