Бұл – бокстан жастар арасындағы тарихи жетістік.
ERNUR.KZ. Жалпыкомандалық есепте үздік үштікке Өзбекстан мен Ресей боксшылары да кіріп отыр. Жарысқа қатысқан қазақстандық 25 спортшының 17-сі жеңімпаздар қатарынан көрінді, деп жазады inbusiness.kz.
Черногорияның Будва қаласында жалауын желбіреткен жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионаты ел боксшылары үшін сәтті аяқталды.
Дүбірлі додада ел қоржынына ұлдар және қыздар құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль салып, жалпы есепте ең жоғары сатыға жайғасты.
Алты алтын жүлдені Бексұлтан Боранбек (51 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәли Бегалиев (75 келі), Елянур Тұрғанова (50 келі) және Аружан Зейноллаевалар (81 келі) жеңіп алды.
Күміс медальға 66 келі салмақта сынға түскен Ұлдана Таубай лайық деп танылса, қола жүлде Диас Берікбай (48 келі), Жансері Көшербаев (57 келі), Расул Асанханов (92 келі), Аслан Елдібайұлы (92 келіден жоғары), Әнел Абдрасилова (48 келі), Бағжан Отынбай (52 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Панар Сейітханқызына (81 келіден жоғары) бұйырды.