Әлем чемпионына автокөлік сыйға тартылды

0
228

Көліктің кілтін федерация басшысы Камалутин Халиков табыстады.


Әлем чемпионына автокөлік сыйға тартылды

фото: sports.kz

ERNUR.KZ. Әлем чемпионы Аида Әбікееваға Қарағанды облысының бокс федерациясы жаңа автокөлік сыйға тартты, деп жазады sputnik.kz.
Көліктің кілтін федерация басшысы Камалутин Халиков табыстады.
"Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат. Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз. Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!", - деп жазылған федерация хабарламасында.
Еске сала кетейік, Аида Әбікеева (63 келі) наурызда Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Отандасымыз финалда таиландтық Тананья Сомнуекпен қолғап түйістіріп, 5:0 есебімен жеңді.