Головкин - Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған.
ERNUR.KZ. Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында командасындағы екі бапкерді ауыстырды, деп жазады vesti.kz.
Ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілістен кейін мексикалық жұлдыздың командасында айтарлықтай өзгеріс болған. Мәселен "Канелоның" физикалық дайындығы бойынша бапкері Мунир Сомойя қызметінен кетті. Сонымен қоса, Эдди Рейносоның оң қолы олып жүрген Замир Лозано да мексикалықтың командасынан кетеді екен.
Головкин - Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұл айқас Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.