Әртістік жүзуден Әлем кубогінде Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді

0
461

Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша ең жоғары рейтингіге ие 12 команда 3-5 шілде аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өткен суперфиналда өнер көрсету құқығына ие болған болатын.


Әртістік жүзуден Әлем кубогінде Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді

ERNUR.KZ. Венгрия астанасы Будапештте өткен әртістік жүзуден Әлем кубогінің финалына шыққан Қазақстан құрамасы спортшылары екі күміс және бір қола медаль еншіледі, деп жазады zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды.

Бұған дейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы да күмісті қанағат тұтқан болатын.

Сондай-ақ, акробатикалық бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді.

Айта кетсек, Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша ең жоғары рейтингіге ие 12 команда 3-5 шілде аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өткен суперфиналда өнер көрсету құқығына ие болған болатын. Олардың арасында Қазақстан құрамасы да бар.