Бірқатар БАҚ-та "Астананың" бас бапкері Андрей Вальеревич Тихоновпен еңбек қатынастарының тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланды.
ERNUR.KZ. "Астана" клубы бас бапкер Андрей Тихоновқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.
Бірқатар БАҚ-та "Астананың" бас бапкері Андрей Вальеревич Тихоновпен еңбек қатынастарының тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланды.
"Астана" футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді: клуб жаттықтырушылар штабы футболшылармен бірге жұмысын белсенді жалғастырып, Қазақстан чемпионатындағы матчтарға дайындалып жатыр.
"Астана" футбол клубының баспасөз қызметі тек клубтың ресми сайтындағы ақпараттарға сенуді сұрайды", - делінген клуб сайтындағы хабарламада.