"Астана" футболшысы Евро-2020 матчтарына шақырылды

0
796

35 жастағы қорғаушы Сербия құрамасына шақырылды.


ERNUR.KZ. "Астана" клубының 35 жастағы қорғаушысы Антонио Рукавина Еуро-2020 квалификациялық матчында футболдан Сербия құрамасына шақырылды, деп жазады tengrinews.kz.

Сербия құрамасы Португалияға (8 қыркүйекте) және Люксембургке (11 Қыркүйек) қарсы кездесу өткізеді. Бұл ойында Сербия құрамасының бас бапкері Младен Костич "Астананың" қорғаушысы Антонио Рукавинаны шақырды.

Осы маусымда Рукавина "Астана" үшін КПЛ, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы аясында 28 матч өткізді.