"Астана" командасының бас бапкері қазақстандық басқа клубты жаттықтыруы мүмкін

0
677

Биыл "Астана" командасы чемпиондық атаққа қол жеткізсе, команданың басшылары бапкермен келісімшартты созбайды екен.


ERNUR.KZ. Елордалық "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов "Ақтөбе" командасының тізгінін ұстауы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Биыл "Астана" командасы чемпиондық атаққа қол жеткізсе, команданың басшылары бапкермен келісімшартты созбайды екен.

"Ақтөбе" Тихоновқа қызығушылық білдіруде. Команда басшыларына бұл маманның жұмыс істеу мәнері ұнайды. Тихоновтың шабуылға ден қойған тактикасы "Ақтөбе" басшыларының көңілінен шығып отыр. Дегенмен де команда жетекшілері Владимир Мухановпен бірге ұжымның қалай дамитынын бақылап, содан соң ғана нақты бір шешім шығарады.

Маусым аяқталған соң "Ақтөбе" басшылары да ауысып кетуі ықтимал. Содан соң жаңа басшылар ресейлік команда шақырады-мыс.

Еске салайық, елордалық команда Қазақстан біріншілігінің 22 турынан кейін 50 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында келеді. Ал "Ақтөбе" командасы болса 27 жинап жинап, сегізінші сатыға жайғасқан.