Ризабек Айтмұхан 97 кг дейінгі салмақтың финалында Ахмед Тажудиновпен күш сынасты. Есеп: 2:4.
ERNUR.KZ. Ризабек Айтмұхан Бішкекте күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп жазады baq.kz.
Ризабек Айтмұхан 97 кг дейінгі салмақтың финалында Ахмед Тажудиновпен күш сынасты. Есеп: 2:4.
Ұлттық құраманың 19 жастағы палуаны осыған дейін күндізгі сессияда қырғызстандық Андрей Ароновты (6:0), сосын өзбекстандық Махсұд Вейсалов (11:0) пен үндістандық Викиге (13:0) ұпай бермей ұтты.
Бұл – Ризабек пен Ахмед арасындағы екінші белдесу. Бірнеше ай бұрын Антальядағы халықаралық турнирдің жартылай финалында Бахрейн спортшысы басым түскен.
Айта кетейік, Ризабек былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта күміс медаль алған.