"Атырау" тізгінін беларуссиялық бапкер ұстайды

0
730

38 жастағы маман осыған дейін өз елінде жұмыс істеген.


ERNUR.KZ. Беларуссиялық бапкер Виталий Жуковский "Атырау" клубын жаттықтырады, деп жазады vesti.kz.

38 жастағы маман осыған дейін өз елінде жұмыс істеген. Соның ішінде БАТЭ командасының тізгінін ұстаған. Жуковский бір кездері Беларусь біріншілігіде жұмыс істеген ең жас бапкер атанған.

Еске салайық, бүгін "Атырау" бапкері Константин Горовенконың жұмысынан кеткені белгілі болды.

Биылғы маусымда "мұнайшылар" Горовенконың қол астында бес матчта жеңіске жетіп, алты рет тең түсіп және төрт мәрте жеңіліс тапты. 45 жастағы маман "Атырау" тізгінін 2021 жылдың желтоқсан айында ұстаған еді.