Australian open-2021: Отандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

0
2 641

Австралия Ашық чемпионатының негізі бөлігінде Қазақстан атынан 6 спортшы бақ сынайды.


Australian open-2021: Отандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

ERNUR.KZ. Теннистен 8-21 ақпан аралығында өтетін Australian open-2021 турнирінің бірінші айналымындағы спортшылар жұбы анықталды, деп жазады Olympic.kz.

Австралия Ашық чемпионатының негізі бөлігінде Қазақстан атынан мына спортшылар бақ сынайды: Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс және Ярослава Шведова.

Бірінші айналымда Александр Бублик словакиялық Аляж Беденемен, Михаил Кукушкин әлемнің үшінші ракеткасы, австриялық Доминик Тиммен кездеседі.

Рыбакина ресейлік Вера Звонареваға қарсы шықса, Путинцева америкалық Слоан Стивенспен өзара кім мықтыны анықтайды. Зарина Дияс словениялық Тамара Зиданшекке, Ярослава Шведова италиялық Камила Джорджиге қарсы ойнайды.