Спортшының үстінен ешқандай шағым жоқ.
ERNUR.KZ. 31 наурызда отандық спортшы Айнұр Әбдіқалықова екі жаттығуда 160 келіні: жұлқа көтеруде 72 келі және серпе көтеруде 88 келі көтеріп, бесінші орынға тұрақтады, деп жазады zakon.kz.
Спортшының үстінен ешқандай шағым жоқ. Ол жаттықтырушылар штабы сұрағанның бәрін орындап, бесінші орынға ие болды.
Осылайша, С тобында жарияланған сегіз қатысушының 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік нәтижені индонезиялық Винди Кантика Айса көрсетті. Ол алты тәсілдің үшеуін ғана орындады, бірақ бұл оның екі жаттығудан кейін 184 кг (84+100) көтеруіне кедергі болмады. Бетпе-бет екінші болып гвинеялық Луа Дика Туа шықты. Оның салмағы 171 келі (75+96). Үшінші орында Ирландия спортшысы Тхам Гуе. Ол 166 келіні (70+96) көтерді.
Дәл осы күні көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы Гран-при кезеңінде күміс және қола медальді жеңіп алды.