Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды

0
441

Әлемнің 25 елінен жиналған ең үздік 500 спортшы арасынан еліміздің боксшылары 24 медаль еншілеп, ерлер командасы 13 медаль оның ішінде 8 алтын және 5 күмісті қанжығаға байлады.


Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды

ERNUR.KZ. Астана қаласына өткен бокстан 22 жасқа дейінгі және жастар арасындағы ASBC Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды, деп жазады BAQ.KZ.




ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстандық бокс федерациясы мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен жарысқа Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

“Біздің боксшылар жоғары деңгейде өнер көрсетті. 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы чемпионатқа 2002 және 2005 жылы туған боксшылар қатысты. Ал 2006 және 2007 жылы дүниеге келген боксшылар арасындағы жарыста ұлдар 13 салмақ, қыздар 12 салмақта бақ сынады. Жарыс ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстандық бокс федерациясы және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Спорт жарысына Азиялық бокс Конфедерациясының бас хатшысы Али Саламех арнайы қонақ болып келді,-деді ҚР Бокс федерациясының Атқарушы директоры Рауан Игенев.

Әлемнің 25 елінен жиналған ең үздік 500 спортшы арасынан еліміздің боксшылары 24 медаль еншілеп, ерлер командасы 13 медаль оның ішінде 8 алтын және 5 күмісті қанжығаға байлады.

Ерлер арасында Азия чемпионы атанғандар: Кенже Мұратұлы (51 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Елнұр Сүйінбай (67 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), Бекнұр Батырбек (92 келі).

Күміс жүлдегерлер: Ернар Қарап (48 келі),
Ерболат Сабыр (57 келі), Руслан Күзеубаев(60 келі), Ерасыл Таңқай (63.5 келі.), Аманат Сабырғали (+92 келі).

Ал әйелдер арасындағы байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленсе, оның ішінде 6 алтын, 4 күміс, 1 қола бар

Әйелдер арасында Азия чемпионы атанғандар: 50 келі салмақ дәрежесінде Гүлнар Тұрапбай. Шахназ Исаева (60 келі),
Ақнар Ишанова (66 келі), Жасмин Қизатова (70 келі), Диана Мағауияева (81 келі), Елдана Талипова (+81 келі),

Күміс жүлде иегерлері: Анита Адишева (52 келі), Элина Базарова (54 келі), Әнел Сақыш (57 келі), Анар Тұрсынбек (63 келі).

Қола жүлдесінің иегері - 75 келі салмақта
Анастасия Баязитова.

U22 Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікке енді.