Бейжің-2022: Конькиші Надежда Морозова сынға түсті

0
1 232

Коньки бойынша Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова бірінші болып мұз айдынына шықты.


Бейжің-2022: Конькиші Надежда Морозова сынға түсті

ERNUR.KZ. Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру бойынша жарыстар басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Коньки бойынша Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова бірінші болып мұз айдынына шықты. Ол әйелдер арасында 3000 м қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өтті.

Осылайша, отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы ішінде 13-ші орынға тұрақтады. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш отандасымызға жүлдегерлер қатарынан көрінуге мүмкіндік бермеді.