Осыған дейін аралас жекпе-жекте бағын сынап жүрген Тоқтар енді 11 желтоқсанда Алматыда алғаш рет ринг төріне шығады.
ERNUR.KZ. Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп жазады vesti.kz.
Осыған дейін аралас жекпе-жекте бағын сынап жүрген Тоқтар енді 11 желтоқсанда Алматыда алғаш рет ринг төріне шығады.
Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой былғары қолғап шебері Жанқош Тұраровтың (25-0, 18 КО) бокс кешінде сынға түседі. Әзірге актердің қарсыласы белгісіз.
Еске салайық, 11 желтоқсанда Жанқош Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен (11-5-1, 7 КО) айқасады.