Боксшы Жанқош Тұраровтың жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды

0
265

Жанқош Тұраровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын.


Боксшы Жанқош Тұраровтың жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды боксшы.

Жанқош Тұраровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын. Боксшы екі чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп жоспарланған еді.

Жанқош Тұраров қыркүйек айының соңында жекпе-жек өткізбек болғанын жазған болатынбыз.

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы мансабын 2009 жылы бастады. Ол бүгінге дейін 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. BoxRec порталындағы мәліметтерге сүйенсек, Тұраров супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингіде 11-орынға жайғасқан.