Әлем чемпионаты Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатыр.
ERNUR.KZ. Әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға шыққан боксшылар жөнінен Қазақстан көш бастап тұр, деп жазады ҚазАқпарат.
Әлем чемпионаты Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатыр. Оған дүниежүзінің 65 мемлекетінен 300-ге тарта спортшы қатысуда. Олардың арасынан 33 елдің былғары қолғап шебері ширек финалға дейін жетті.
Ел құрамасынан жарыстың аталған сатысына тоғыз боксшы шықты. Ал Үндістан мен Қытайда - сегіз, Колумбия мен Францияда - бес, Бразилия, Италия және Таиландта ширек финалда төрт боксшы сынға түседі.
Еске салсақ,ел құрамасынан ширек финалға Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Надежда Рябец (66 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) шыққан еді.
Әлем чемпионаты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі.
Боксшылар күндізгі (14.30) және кешкі (18.30) сессияда шаршы алаңға шығады.