Еліміздің ерлер құрамасында барлығы 13 боксшы сынға түсті.
ERNUR.KZ. Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында медальдар кестесінде ерлерде қай елдің спортшылары көш бастағаны белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Еліміздің ерлер құрамасында барлығы 13 боксшы сынға түсті. Құрама сапындағы спортшылар 11 медальға қол жеткізді. Оның ішінде 3-еуі – алтын, 3-еуі – күміс, 5-еуі – қола. Нәтижесінде, медальдар кестесінде екінші орын алды.
Құрама сапынан Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабыржан (57 келі) чемпион атанды.
Ал, Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі) күміс медаль алды.
Ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Ерхат Бекзат (92 келі), Аманат Сабырғали (92 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.
Медальдар кестесінде 11 медаль (9 алтын, 1 күміс, 1 қола) алған Өзбекстан көш бастаса, 3 медаль алған (3-3-5) Филиппин үздік үштікті түйіндеді.
Бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының медальдар кестесі:
1. Өзбекстан - 9-1-1
2. Қазақстан - 3-3-5
3. Филиппин - 1-1-2
4. Таиланд - 0-3-1
5. Қытай - 0-2-1
6. Моңғолия - 0-1-2
7. Индонезия - 0-1-1
7. Камбоджа - 0-1-1
9. Қырғызстан - 0-0-7
10. Тәжікстан - 0-0-3
11. Малайзия - 0-0-1
12. Непал - 0-0-1.