Аргентина ұлттық құрамасы және "Бенфика" (Португалия) клубының ойыншысы Энцо Фернандес Лондонның "Челси" командасына ауысты.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Португалия бағалы қағаздар нарығы комиссиясының сайтында хабарланды, деп жазады vesti.kz.
Команда 22 жастағы ойыншымен 2031 жылдың жазына дейін келісімге қол қойған. Ал ауысым құны 121 миллион еуроға бағаланған. Бұл ағылшын премьер-лигасы тарихындағы рекордты көрсеткіш. Бұған дейінгі рекорд 2021 жылы "Манчестер Сити" сатып алған Джек Грилишке тиесілі еді. Оны "Астон Вилладан" 113 миллион еуроға алған.
Энцо Фернандес лиссабондық клубта 2022 жылдан бастап ойнап келеді. Оған дейін Аргентинаның "Дефенса және Хустисия" мен "Ривер Плейт" клубтарында доп тепкен.
Жартылай қорғаушы 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ жарыстың ең жас ойыншысы атанған еді.