"Челси" қожайыны Роман Абрамович кеңесшісі Марина Грановскиге италиялық маманмен тез келессөз жүргізуге рұхсат беріп, бұл мәселені 26 немесе 27 мамырға дейін бітіруді тапсырған.
ERNUR.KZ. Бірнеше жыл Италияның "Наполи" клубына бас бапкер болып келген Маурицио Сарри Англияның "Челси" ұжымын басқаратын болды. Лондон командасы бүгін 59 жастағы маманен келісім шарт жасайды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Sport Mediaset телеарнасы хабарлағандай, қазір италиялық маман Англияда. Ол бір маусымда алатын жалақысы бойынша келесім жасау айналасында. Осылайша ол 4 жыл команданы басқарып, әр бір маусымы үшін 6 миллион еуроға байыйтын болады. "Челси" қожайыны Роман Абрамович кеңесшісі Марина Грановскиге италиялық маманмен тез келессөз жүргізуге рұхсат беріп, бұл мәселені 26 немесе 27 мамырға дейін бітіруді тапсырған.
Естеріңізге сала кетсек, Маурицио Сарридің "Наполимен" келесім шарты болуына қарамай Италия клубының басшылары Карло Анчелоттиге бас бапкерлікті тапсырған болатын. Сол үшін Сарри "Наполиден" байланысты үзгені үшін 8 миллион еуро алады. Ал, "Челси"мен Антонио Конте арасындағы келісім мерзімінен бұрын тоқтатылса, Конте 9 миллион фунт стерлинг алатын болады.