Дмитрий Попко Румынияда камбэк жасап, жартылай финалға шықты

0
1 233

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 207-орынға көтеріліп тұр.


Дмитрий Попко Румынияда камбэк жасап, жартылай финалға шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық, әлемнің 222-ракеткасы Дмитрий Попко Брашов (Румыния) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады kaz.inform.kz.


Дмитрий Попконың ширек финалда рейтингіде 246-сатыдағы румыниялық Филип Кристиан Жиянумен кездесуі оңай болған жоқ.

Бірінші партияда корт иесі айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Дегенмен бұдан кейін Попко ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 7:5, 6:4. Екі сағат 26 минутқа созылған тартысты матчта Дмитрий 6 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Жияну 1 эйс, жасап, 17 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Дмитрий Попко финалға шығу үшін әлемнің 146-ыншы, осы жарыстың 2-ракеткасы, америкалық Николас Морено Де Альборанмен таласады.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 207-орынға көтеріліп тұр.