Допинг дауына іліккен Исламханның футболға оралуына қатысты ақпарат шықты

0
643

Азиялық футбол федерациясы Исламханды 2020 жылы қарашада жазаға тартқан еді.


Допинг дауына іліккен Исламханның футболға оралуына қатысты ақпарат шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан қараша айында қайтадан ойнай алады, деп жазады vesti.kz.

Алайда ол карьерасын Қазақстанда жалғастырғысы келсе, келесі маусымды күту керек болады.

Мәлімет бойынша, Бауыржанның заңгерлері ойыншының екі жылдық шеттеуін қысқарта алмады. Азиялық футбол федерациясы Исламханды 2020 жылы қарашада жазаға тартқан еді.

Осылайша, "Аль-Айнмен" келісімшарты бұзылған Бауыржан еуропалық клубтарға еркін агент ретінде бара алады. Ал Қазақстанда ол кезде маусым аяқталатындықтан, ешбір командаға қосыла алмайтын болар.