Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақша күрестен Айжан Жылқыбаева "алтын" алды

0
375

Ол 48 келіге дейінгі салмақта күресіп, финалда қырғызстандық спортшы Луиза Асакееваны жеңді.


Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақша күрестен Айжан Жылқыбаева

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қазақша күрестен алғашқы алтын медалді Айжан Жылқыбаева салды, деп жазады sputnik.kz.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта күресіп, финалда қырғызстандық спортшы Луиза Асакееваны жеңді.
Еске сала кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2430 спортшы мен жаттықтырушы келді. Сондай-ақ Қазақстанға 100 мың турист келеді деп жоспарланып отыр.
Спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.