Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы жарысты жүлдесіз аяқтады

0
545

Бүгін татамиге шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңіліс тапты.


Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы жарысты жүлдесіз аяқтады

ERNUR.KZ. Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды, деп жазады zakon.kz.

Бүгін татамиге шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңіліс тапты.

100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Нұрлыхан Шархан даниялық Дэниел Эйчке есе жіберді.

100 келіден жоғары салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бахрейндік Азамат Чотчаевтан ұтылды.

+78 келідегі Камила Берліқаш екінші айналымда қытайлық спортшыға жол берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем біріншілігін бір қола медальмен аяқтап отыр. 48 келідегі Әбиба Әбужақынова ғана жүлдеге ілікті.

Қалған спортшыларымыз түгел жеңіліп қалды.