Қазақстанда Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне өмір бойына ай сайын материалдық тұрғыда қамтамасыз ету шаралары да қарастырылған.
ERNUR.KZ. Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған дзюдошы Елдос Сметовтың сыйақы мөлшері белгілі болды, деп жазады sputnik.kz.
Заң бойынша Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қомақты сыйақы қарастырылған. Биыл оның мөлшері өзгермейді:
алтын медаль - 250 000 доллар;
күміс - 150 000 доллар;
қола – 75 000 доллар.
Бұдан бөлек, олимпиадалық спорт түрлері үшін әлемдік рекорд орнатқаны үшін қосымша 5 000 доллар қарастырылған.
Елдос Сметов Қазақстан тарихында дзюдодан алғашқы Олимпиада чемпионы атанып отыр. Сол үшін де сыйақы берілуі мүмкін. Ал спортшының бірінші, жеке және бас бапкерлеріне бөлек сыйақы тағайындалады.
Айта кетері, Сметов Олимпиада медальдарының толық жиынтығына ие болды. Бұған дейін ол Риода күміс, ал Токиода қола жүлдені жеңіп алған. Осы жолы Олимпиаданың алтынын жеңіп алды.
Қазақстанда Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне өмір бойына ай сайын материалдық тұрғыда қамтамасыз ету шаралары да қарастырылған.