Елена Рыбакина ресейлік теннисшіден тағы да жеңілді

0
125

Қазақстандық спортшы ресейлік Мирра Андреевамен кездесіп, жеңіліп қалды.


Елена Рыбакина ресейлік теннисшіден тағы да жеңілді

Сурет: olympic.kz

ERNUR.KZ. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіліс тапты, деп жазады zakon.kz.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіліс тапты.

Қазақстандық спортшы ресейлік Мирра Андреевамен кездесіп, жеңіліп қалды.

Матч екі сетке созылды. Андреева Рыбакинаны ірі есеппен – 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Осылайша, Елена Рыбакина беделді турнирдің ширек финалына өте алмады.

Еске салайық, Елена Рыбакина осыдан үш апта бұрын Дубайда өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Мирра Андреевамен кездесіп, тартысты матчта жеңіліп қалған еді.