Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

0
1 256

Ресейлік Алина Загитова​ 82.08 ұпай жинап жарыс жеңімпазы атанды.


Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

ERNUR.KZ. Жапонияда Сайтам қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп жазады prosports.kz.

Біздің отандасымыз мәнерлеп сырғандан қысқа бағдарламада өнер көрсетіп 75.96 ұпай жинап, 3-ші орынға ие болды. Бұл маусымда оның ең жақсы нәтижесі. Осылайша Элизабет еркін бағдарламада өнер көрсету құқығына ие болды.

Ал, Ресейлік Алина Загитова 82.08 ұпай жинап жарыс жеңімпазы атанды.

1. Загитова (Ресей) - 82,08 ұпай

2. Сакамото – Жапония) - 76,86 ұпай

3. Тұрсынбаева (Қазақстан) – 75,96 ұпай

4. Медведева (Ресей) - 74,23 ұпай

5. Лим (Корея) - 72,91 ұпай