76 келі салмақта финалға шығуы үшін Қазақстан әйелдер құрамасы көшбасшыларының бірі Эльмира Сыздықова қытайлық Жуан Ванды 6:4 есебімен жеңді.
ERNUR.KZ. 11 сәуірде күрестен Азия чемпионатында әйелдер арасында жекпе-жек басталды. Қазақстан бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, арасында тек Эльмира Сыздықова ғана жарыстың «алтыны» үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алды, деп жазады zakon.kz.
76 келі салмақта финалға шығуы үшін Қазақстан әйелдер құрамасы көшбасшыларының бірі Эльмира Сыздықова қытайлық Жуан Ванды 6:4 есебімен жеңді. Енді Азия-2023 чемпионы атағы үшін шешуші белдесуде ол Қырғызстан өкілі Айпери Медетқызымен күреседі. Финал 11 сәуір күні Астана уақытымен 18:00-ден кейін өтеді.
Сонымен қатар Қазақстанның күрес жанкүйерлері Азия чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салатын тағы екі спортшымызға қолдау көрсете алады. Алдымен кілемге Марина Седнева (55 келі) көтерілсе, оның 3-орын үшін белдесудегі қарсыласы Нгуен Ти Май Транг (Вьетнам) болады. 59 келі салмақтағы Диана Каюмова қола жүлде үшін қырғызстандық Қалмира Білімбекқызымен күш сынасады.
Азия чемпионатының екінші күнінен кейін Қазақстан балуандарының қоржынында 8 медаль бар. Оларды грек-рим күресінің балуандары жеңіп алды. Ибрагим Магомадов алтын, Диас Қален мен Нұрсұлтан Тұрсынов күміс, Алмат Кебісбаев, Олжас Сырлыбай, Аманғали Бекболатов, Мұхамедәлі Мамырбек және Әлімхан Сыздықов қола жүлдегер атанды.