​ Эльмира Сыздықова күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

0
853

Кездесу барысында жеңіліп жатқан Сыздықова қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.


​ Эльмира Сыздықова күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Эльмира Сыздықова Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионатында қола медаль иеленді, деп жазады zakon.kz.

Қазақстан балуаны 76 келі салмақта қола медаль үшін үндістандық Приямен күш сынасып, қарсыласынан басым түсті.

Кездесу барысында жеңіліп жатқан Сыздықова қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетелік, Эльмира Сыздықова турнирдің жартылай финалында қырғызстандық Айпері Медетқызынан ұтылған болатын.

Бұған дейін Диана Каюмова қола медаль иеленген болатын.