Еркін күрес: Ризабек Айтмұқан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

0
313

Ол 97 келіге дейінгі салмақта финалда жеңіске жетті.


Еркін күрес: Ризабек Айтмұқан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

Фото: Шамкен Байырбек

ERNUR.KZ. Қазақстандық еркін күрес палуаны, ересектер арасындағы Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Тиранада (Албания) өтіп жатқан күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде қарсылас шақ келтірмей, чемпион болды, деп жазады ulyssport.kz.

Ол 97 келіге дейінгі салмақта финалда жеңіске жетті.

Оның қарсыласы ирандық Махди Морафа болды. Кездесуде Ризабек 11:6 есебімен басым түсті.

Осылайша, Ризабек аталған әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық жалғыз балуан болып отыр. Ол іріктеу кезеңдерінде Канада, Беларусь, Ресей балуандарын ірі есеппен ұтты.

Айта кететін жайт, Ризабек Айтмұқан қыркүйек айында 20 жасқа дейінгі жастар арасында да әлем чемпионы атанған болатын. Ол бір айдан астам уақыт ішінде екінші рет әлем біріншілігінде топ жарып отыр.

Еске сала кетсек, Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының ширек финалына қиналмай шыққан және жартылай финалда ресейлік Шамиль Гаджалиевпен белдесіп, Ризабек 7:4 есебімен жеңіске жеткен.