Тампер қаласындағы финалдық ойын 3:3 есебімен аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталды.
ERNUR.KZ. Хоккейден Финляндия құрамасы өз елінде өткен әлем чемпионатының финалында Канаданы ұтты, деп жазады Vesti.kz.
Тампер қаласындағы финалдық ойын 3:3 есебімен аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталды. Нәтижесінде "суоми" командасы 4:3 есебімен басым түсті. Фин құрамасынан Микаэль Гранлунд (45, 46 минут), Йоэль Армия (55 минут) және Сакари Маннинен (67 минут) шайба салса, үйеңкі жапырақ елінен Дилан Козенс (25 минут), Зак Уайтклауд (58 минут) және Максим Комтуа (59) ерекшеленді.
Осылайша Финляндия хоккейшілері өз тарихында төртінші рет әлем чемпионы атанды. Үшінші орын үшін өткен матчта чех командасы АҚШ ойыншыларын ұтты.