Фируза Шәріпова әлемнің абсолют чемпионынан жеңіліп қалды – видео

0
620

Қазақстандық кәсіпқой бокста осымен екінші рет жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ оның қоржынында 14 жеңіс бар.


Фируза Шәріпова әлемнің абсолют чемпионынан жеңіліп қалды – видео

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпова жеңіл салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тэйлордан жеңіліп қалды, деп жазады sputnik.kz.


Тэйлордың барлық чемпиондық белбеуі сарапқа салынған жекпе-жек Англияның Ливерпуль қаласында өтті.

Айқас он раундқа жоспарланып, бүкіл дистанцияға созылды. Қыздар әр раундта екі-екі минуттан жұдырықтасты.

Фируза бүкіл раунд бойы Тэйлорға лайықты қарсылық көрсете білді. Алайда ирландиялық боксшы мықтырақ болды. Осылайша төрешілер жеңісті бірауыздан Кэтиге берді – 98:92, 97:92, 96:93. Сөйтіп ол чемпиондық белбеулерін сақтап қалды.

Ливерпульдегі бокс кешін промоутерлік Matchroom Boxing компаниясы ұйымдастырды.

Қазақстандық кәсіпқой бокста екінші рет жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ оның қоржынында 14 жеңіс бар.

Бұған дейін Шәріпова сұхбат кезінде егер жеңіп жатса, өз жеңісін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайтынын мәлімдеген еді.