Футболдан еліміздің 2021 жылғы үздік жас ойыншысы анықталды

0
747

Өткен жылдан бастап аталған жүлде белгілі футболшы Анатолий Ионкиннің құрметіне арналатын болып шешілді.


Футболдан еліміздің 2021 жылғы үздік жас ойыншысы анықталды

ERNUR.KZ. Футболдан еліміздің 2021 жылғы үздік жас ойыншысы анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен жылдан бастап аталған жүлде белгілі футболшы Анатолий Ионкиннің құрметіне арналатын болып шешілді. Оған былтыр Шымкенттің «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов лайықты деп танылды. Оны үздік ретінде Қазақстан чемпионатына қатысушы клубтардың капитандары, бапкерлері мен басшылары таңдады.

Айта кетсек, Анатолий Ионкин ел футболында шабуылшы ретінде танылды. Алдымен туған жері Оралдың «Уралец» командасында бастап, одан кейін «Спартак» (Семей) және «Қайрат» (Алматы) командаларында доп тепті.

КСРО біріншілігінің жоғарғы лигасында 70 ойын өткізіп, 25 гол соқты. Ал бірінші лигада 70 мәрте жасыл алаңға шығып, 39 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін «Жезқазған», «Уралец» футбол клубтарында және «Кайнур» шағын футбол клубында бапкер қызметін атқарды. Ұлттық, Олимпиадалық және жастар құрама командаларын ірі халықаралық жарыстарға дайындауға көмектесті. Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды. Қазақстан футбол федерациясында ұзақ уақыт жұмыс істеді, 2001 жылдан бастап, 2009 жылға дейін Қазақстан футбол федерациясында вице-президент қызметін атқарды.