Қазақстандық маман мәскеулік ЦСКА командасы сапында Алексей Березуцскийдің көмекшісі қызметін атқарған.
ERNUR.KZ. 42 жастағы маман Григорий Бабаян футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері атануы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.
KazFootball.kz порталының ақпараты бойынша, бапкер қазіргі уақытта Қазақстан федерациясы жасаған ұсынысқа ұсынысқа ойланып жатыр. 2008 және 2014 жылдар аралығында Бабаян ұлттық құраманың бапкерлері қатарында болған еді. Кейін ол "Астана" және "Тобыл" командаларында жұмыс істеген.
Қазақстандық маман мәскеулік ЦСКА командасы сапында Алексей Березуцскийдің көмекшісі қызметін атқарған. Мәскеулік командамен оның келісімшарты биыл мамырдың соңында аяқталады.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстан футбол федерациясы Андрей Карповичпен келісімшартты ұзартпайтыны белгілі болған еді. Бұл маман Ұлттар лигасында Молдоваға қарсы екі ойында құраманың бас бапкері болды.