Футзалдан Қазақстан құрамасы Қырғызстан және Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

0
661

Ел құрамасы алдымен 4 сәуірде жабық режимде Қырғызстанмен ойнайды. Одан кейін 7 және 9 сәуір күндері Өзбекстанмен шеберлік байқасады.


Футзалдан Қазақстан құрамасы Қырғызстан және Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасы Тараз қаласында Қырғызстан және Өзбекстан құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады inform.kz.

Ел құрамасы алдымен 4 сәуірде жабық режимде Қырғызстанмен ойнайды. Одан кейін 7 және 9 сәуір күндері Өзбекстанмен шеберлік байқасады.

Қырғызстандық футзалшылар әзірге әлем чемпионаты финалдық сатысында ойнай алған жоқ. Ал Азия чемпионатында 14 мәрте бақ сынап, 2005 жылы қола жүлде алды.

Ал өзбекстандық футзалшылар әлем чемпионаты финалдық сатысына 2016, 2021 жылдарда екі мәрте қатысып, 2021 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Ал Азия чемпионатында төрт мәрте вице-чемпион (2001, 2006, 2010, 2016) болса, бес мәрте (2005, 2007, 2014, 2018, 2022) қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Ел құрамасы әлем чемпионаты іріктеу сатысында А тобында Румыния, Әзербайжан және Нидерландпен ойнап, бірде-бір кездесуде ұпай жоғалтқан жоқ. Нәтижесінде олар биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда болатын дүбірлі додаға жолдама алды.