Автогол - Логан Висневскидің еншісінде.
ERNUR.KZ. Ташкентте футзалдан Әлем чемпионатының топтық кезеңін қорытындылаушы матчта Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен таза жеңді, деп жазады Zakon.kz.
Ренат Төреғазин мен Ақжол Дәрібай бір голдан соқты, Лео Жарагуа дубль жасады, ал Арнольд Кнауб 5 гол соғып, пент-триктің авторы атанды.
Автогол - Логан Висневскидің еншісінде.
Тура осы кезеңде Әндіжанда Испания мен Ливия кездесіп, есеп 8-0 болды. Осылайша Испания D тобындағы көшбасшылығын сақтап қалды, тек бір гол айырмашылығымен екінші орында тұрғаны болмаса.
1/8 финалда Қазақстан С тобының жеңімпазымен ойнайтын болады, ол 22 қыркүйектегі Португалия – Марокко құрамаларының кездесуінен кейін анықталады.