IBA бас хатшысы және атқарушы директоры Крис Робертс биыл боксшылар үшін қарбаласқа толы жыл болғанын айтып, әлемдік бокс кешінің келер жылға не үшін қалдырылғанын түсіндірді.
ERNUR.KZ. Ресейлік Умар Кремлев басшылық ететін Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы ерлер арасындағы бокстан әлем біріншілігін Қазақстанда өткізуден бас тартты, деп жазады ulysmedia.kz.
Жуырда ерлер және әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатын өткізуші елдерді ресми түрде жариялаған IBA ол ақпаратты алып тастап, тек әйелдер біріншілігіне қатысты жерін ғана қайта жариялады. Бұрымдылардың бұл әлемдік бокс бәсекесі 2025 жылдың наурыз айында Сербияның Белград қаласында өтетін болды.
“Мүдделі тараптармен бірге талқылағаннан кейін IBA әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатын 2025 жылға ауыстыру туралы шешім кестенің тығыздығына негізделді. IBA Бас хатшысы және Бас атқарушы директоры Крис Робертс бұл өзгеріс әйел спортшыларға тиімді болуы үшін тең мүмкіндік беру мақсатында жасалғанын айтты, делінген қауымдастық сайтындағы ақпаратта.
IBA бас хатшысы және атқарушы директоры Крис Робертс биыл боксшылар үшін қарбаласқа толы жыл болғанын айтып, әлемдік бокс кешінің келер жылға не үшін қалдырылғанын түсіндірді.
«2024 жыл боксшылар үшін барынша қарбалас болды және кеңесе отырып біз спортшы әйелдерге мүмкіндіктері тең болуы үшін әрі жеңіске деген талпыныстарын, дайындығын арттыру мақсатында 2025 жылы әйелдер жарысын өткізу туралы шешім қабылдадық. Біздің спортшылар жұмысымыздың негізгі өзегі саналады, сондықтан біз атқаратын бар шаруа солардың игілігіне бағытталлады», - деді Крис Робертс.
Ерлер арасындағы жарыс 2025 жылға жоспарланған. Келесі жылғы мамырға жоспарланаған бұл шараны өткізуге бірнеше ел өтініш білдірді. IBA біріншілікті қабылдаушы ел туралы шешім жыл соңына дейін қабылданатынын хабарлады.