«Мен досыммен жаңа үйіме ұшып барамын», – деп жазды испаниялық футболшы твиттер парақшасында.
ERNUR.KZ. Испанияның бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста футболшы карьерасын Жапонияда жалғастыратынын растады.
«Мен досыммен жаңа үйіме ұшып барамын», – деп жазды испаниялық футболшы твиттер парақшасында. Сонымен қатар Иньеста Rakuten компаниясының басшысы Хироси Микитани мен ұшақта түскен суретін жариялады.
Rakuten компаниясы 2017 жылдан «Барселона»ның демеушісі есептеледі. Осыеың алдында Андрес Иньестаның жаңа клубы Жапонияның «Виссел Кобе» командасы екені белгілі болды. Айтулы клубтың басшысы Crimson Group. Ол Хироси Микитанидің қызының компаниясы болып есептеледі.