Испаниядағы су тасқынында 28 жастағы футболшы көз жұмды

0
317

Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 158 адамға жетті.


Испаниядағы су тасқынында 28 жастағы футболшы көз жұмды

Фото: Football24

ERNUR.KZ. Су тасқыны салдарынан «Валенсияның» 28 жастағы тәрбиеленушісі қаза тапты. Хосе Кастильехо «Дана» дауылы мен Валенсия провинциясындағы су тасқынының құрбаны болды, деп жазады inform.kz.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, оқиғадан кемінде 158 адам қаза тапқан. Валенсияның кейбір аудандарында су тасқыны салдарынан электр қуаты мен байланыс үзіліп, көпірлер қирап қалды.

Валенсия ойыншысы 1996 жылы дүниеге келген. «Валенсия» академиясынан кейін Испанияның төменгі дивизионындағы клубтарда өнер көрсетті. Хосе мансабында «Аликанте», «Элденсе», «Патерна», «Бунол», «Рекамбос Колон», «Рода» және басқа да клубтарда ойнаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 158 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.