40 жастағы маманның спорт саласындағы тәжірибесі мол.
«Қайрат» футбол клубының жаңа бас директоры қызметіне Есімов Асқар Асылбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ клутың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
40 жастағы маманның спорт саласындағы тәжірибесі мол, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт комитетінде, сонымен қатар ескек есу спортының федерациясында қызмет еткен.
Асқар Асылбекұлы экономика және қаржы саласында да нәтижелі жұмыстар атқарған.
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласына қосқан баға жетпес үлесі мен жұмысы үшін, 2015 жылы Асқар Асылбекұлы «Ерен еңбегі үшін» марапатымен марапатталды.