"Қайраттан" кеткен Құрбан Бердыев жаңа қызметіне қатысты алғаш рет пікір білдірді

0
469

6-маусымда "халықтық" команданың ресми сайтында белгілі жаттықтырушының қызметінен кеткені жайлы ақпарат тарады.


ERNUR.KZ. "Қайрат" футбол клубының экс-бас бапкері Құрбан Бердыев қызметінен кеткен соң алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

6-маусымда "халықтық" команданың ресми сайтында белгілі жаттықтырушының қызметінен кеткені жайлы ақпарат тарады. Осыдан кейін көптеген БАҚ өкілдері Бердыевтың Тула қаласының "Арсеналын" жаттықтыратыны жайлы жарыса жазды.

"Шынымды айтсам, бұл туралы бірінші рет естіп отырмын. Жаңа қызметім жайлы БАҚ беттерінен оқығандықтан, таң қалып отырмын", - дейді РИА Новости Бердыевтің сөзін келтіріп.

Еске салайық, белгілі бапкер 2021-бері "Қайрат" клубын жаттықтырып, өткен маусымда команда алғаш рет УЕФА Конференция Лигасының топтық кезеңінде ойнады.

Биылғы маусымда "Қайрат" ішкі чемпионатта 12 матчтан кейін 16 ұпаймен 8-орынға жайғасқан.