Сұлтан Әбілдаев 1970 жылы 21 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
ERNUR.KZ. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Елеуұлы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл команданың бас бапкерін таныстырды. Қызылордалық "Қайсарды" жаңа маусымда жергілікті маман Сұлтан Әбілдаев жаттықтырады, деп жазады vesti.kz.
Сұлтан Әбілдаев 1970 жылы 21 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Кәсіби футболшы. Алаңда жартылай қорғаушы болған. Мансабының басым бөлігін "Қайсар" футбол кубында өткізді. Сұлтан Әбілдаев - "Қайсар" футбол клубының тарихында ең көп ойын өткізген футболшы. Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған. 2005 жылы мансабын аяқтаған соң, бапкерлік қызметке ден қояды.
Алдымен футбол орталығында шәкірт тәрбиелеумен айналысса, 2009 жылы "Қайсар" командасын жаттықтырады. 2010 жылы бас бапкердің көмекшісі қызметін абыроймен атқарды. 2016 жылға дейін клубта түрлі бағытта қызмет атқарып, 2016 жылы "Қайсар" футбол клубына бас бапкер қызметіне тағайындалып, команданы Бірінші лигадан Премьер-лигаға шығарады. Сол жылы Бірінші лига арасында ең үздік бапкер атағына ие болды.
Айта кетейік, жаңа маусымда "Қайсар" футбол клубына Премьер-лига жолдамасын жеңіп алу мақсаты қойылды.