23 жастағы футболшы досымен бірге түнгі клубтан келгенде, оларға гаражға кіріп алған қарақшылар шабуыл жасаған.
ERNUR.KZ. "Арсеналдың" бразилиялық қорғаушысы Габриэль көлігін тартып алмақ болған қарақшылардың бетін қайтарды, деп жазады vesti.kz.
23 жастағы футболшы досымен бірге түнгі клубтан келгенде, оларға гаражға кіріп алған қарақшылар шабуыл жасаған. Олардың бірі бразилиялыққа бита кезеніп, көлік кілті мен сағат, телефон сияқты бағалы заттарын талап еткен. Алайда Габриэль шабуылдағандармен төбелесе кетеді де, қарақшылар қашқан. Бұл оқиға тамыз айында болыпты, бірақ, оқиғаның мән-жайы енді ғана жария етілді.
Габриэль де, оның досы да зардап шекпеген.
Футболшы "Арсеналға" қыркүйекте "Лилль" сапына 26 миллион еуроға өткен. Лондондық клуб үшін Габриэль 42 матч өткізіп, төрт гол салған.