Әлемдік додада медальдар үшін 81 елден 500-ден астам спортшы таласты.
ERNUR.KZ. Португалияның Алмада қаласында дзюдодан Гран-при жарысы аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл додада үш медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ал Ғалия Тыңбаева (48 келіге дейін) мен Жансай Смағұлов (73 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.
Дидар Хамза (90 келіге дейін) мен Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды. 27-29 қаңтар аралығында өткен турнирде Қазақстан намысын қорғауға барлығы 14 спортшы аттанған болатын. Әлемдік додада медальдар үшін 81 елден 500-ден астам спортшы таласты.