Қазақстан құрамасының бас бапкері ауыратлеттердің шағымына байланысты қызметінен шеттетілді

0
708

Осыған дейін ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седов жұмыстан шеттетілген болатын.


Қазақстан құрамасының бас бапкері ауыратлеттердің шағымына байланысты қызметінен шеттетілді

ERNUR.KZ. Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл шешім Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды.
Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті.

Осыған дейін ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седов жұмыстан шеттетілген болатын.

Еске салайық, Алматыда ауыр атлеттердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, онда олар Қазақстан құрамасы мен ауыр атлетикадағы жағдай туралы ашық айтты. Оған 25 жастағы Альберт Линдердің өлімі себеп болды. Спортшылардың айтуынша, спортшының өз-өзіне қол жұмсауы Қазақстандағы ауыр атлетикадағы жүйелік мәселелердің нәтижесі болған. Полиция өлім дерегі бойынша "Өз-өзіне қол жұмсау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

25 жасар ауыр атлет қайтыс болғаннан кейін, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Сергей Седовқа бірнеше айып тағылды.