Отандық ұжымдар арасында "Астана" Суперкубокты ең көп ұтқан клуб болып табылады (2011, 2015, 2018, 2019, 2020).
ERNUR.KZ. Жаңа футбол маусымы Қазақстан Суперкубогінің ойындарымен басталады, деп жазады vesti.kz.
Аталмыш шағын турнир ақпанның 24 мен 27 аралығы өтеді, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет.
Өткен жылдағыдай Қазақстан Суперкубогінің екі жартылай финалы (24 ақпан) және финал (27 ақпан) болады. Биылғы жарысқа қатысушылар "Тобыл", "Астана", "Қайрат" пен "Қызыл-Жар" командалары.
Өткен жылы финалдық матчар "Түркісан Аренада" ұйымдастырылса, биыл елорда төріндегі "Астана Арена" стадионында өтеді деп жоспарланған.
Жарыстың жүлде қоры былтырғыдай. Мәселен жеңімпаз 25 млн теңге алса, финалға шыққан команда 15 млн теңгеге байи түспек. Ал үшінші орынға 5 млн теңге жүлде қоры белгіленген.
Еске салайық, отандық ұжымдар арасында "Астана" Суперкубокты ең көп ұтқан клуб болып табылады (2011, 2015, 2018, 2019, 2020).