Қазақстандық балуан қыз әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті

0
630

Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта белдесетін Жәмила жарысты бірден ширек финалдан бастады.


Қазақстандық балуан қыз әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті

ERNUR.KZ. Күрестен Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жәмила Бақбергенова жартылай финалға шықты, деп жазады ulysmedia.kz.

Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта белдесетін Жәмила жарысты бірден ширек финалдан бастады. Ол өзбекстандық Светлана Окназаровмен кездесіп, 10:0 есебімен қарсыластан басым түсті.

Ал Жәмиланың сыңары, 68 келіде күресетін Мадина Бақбергенова украиналық балуаннан ұтылып қалды.

Әйелдер күресінен Қазақстан командасында әзірге әлем чемпионатының жүлдесі жоқ.